0
Бетон мен темірбетон құрастырылымдарын жөндеу мен күшейту background icon

Бетон мен темірбетон құрастырылымдарын жөндеу мен күшейту

IZOCON KZ компаниясы қызметтерінің негізгі бағыттарының бірі - бетон мен темірбетон құрастырылымдарын жөндеу.

Бетон ғимараттарды қысқа мерзімде жөндеу мен қалпына келтіру: тұрып қалудың минималды уақыты, барынша сенімді нәтиже.

Бізге бетон мен темірбетонды сенімді, әрі жоғары сапалы етіп жөндеуге BASF концернінің шешімдері көмектеседі. Тозу мен бұзылудың алғашқы себептеріне диагностика жасап, құрылысты ұзақ мерзімді кедергісіз пайдалануға қол жеткізу үшін біз нақты қажетті материалдарды пайдалана отырып дәлме-дәл стратегия жасаймыз.

BASF концернінің жоғары технологиялы материалдар тізбегі бетонның кез келген түрлерін жөндеуде тиімді шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.

Бетон құрастырылымдарын нығайту: MasterBrace үйлесімді нығайту жүйесі бетон құрастырылымды оның алғашқы көтеруші қабілетіне дейін қалпына келтіреді, оның беріктігін және құрастырылымдарының көрсеткіштерін күшейтеді.

Бетон жөндеу: MasterEmaco сериялы жөндеу қоспалары бетон құрастырылымының алғашқы беріктігі мен тозуға төзімділігін қалпына келтіреді, ал MasterProtect қорғаныш құрамы оны коррозиядан қорғайды.

Сызаттарды жөндеу: MasterInject материалын қолдану сызаттар мен бос кеңістікті толтырады және тұмшалайды, құрылымдық тұтастығын қалпына келтіре отырып, бетонды ары қарайғы бүлінуден алдын ала қорғайды.

Бетонды қорғау темірбетон құрастырылымдарының ұзақ сақталуы және олардың бүлінген тегіс бетін алғашқы сыртқы пішіні сияқты етіп қайтару және жөндеуден кейінгі функциялануы үшін аса маңызды. BASF концернінің MasterProtect сериялы материалдар тізбегі бетон құрастырылымдарының ұзақмерзімді қорғанысын және ұзақ уақыт сақталуын ұсынады, қоршаған ортаның әсерінен туындайтын әтүрлі жағдайлардан ұзақ жылдар бойы қорғайды.

MasterProtect жүйесі карбондалу мен басқа да химиялық әсерлерге төзімді жабындар мен жоғары тиімді гмдрофобтанған қуысты бітеуші заттар ассортименттерін қамтиды

MasterProtect сериялы материалды дұрыс таңдау неғұрлым тиімді шешім шығаруға мүмкіндік береді.

Біздің техникалық мамандар BASF концерні Master Builders Solutions-пен тығыз байланыста, сол себепті біз құрылысты сақтауға қойылған тапсырма бойынша әрбір нақты жағдайға айрықша тиімді шешімдер ұсынамыз. Мұның барлығы біздің клиенттеріміздің бизнесін гүлдендіруге себеп болады және құрылыс саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

MasterEmaco бетонды жоғары сапалы материалдармен жөндеу құрылыстың ұзақ мерзімді сақталуына кепілдік береді. 

BASF концерні ұсынған MasterEmaco сериялы материалдар жүйесі әртүрлі әсерлерден туындаған бүлінулер мен тозуға ұшыраған бетон және темірбетон құрастырылымдарын жөндеудің кешенді ұйғарымдарды ұсынады.

MasterEmaco өнімдерінің портфолиосы құрастырмалы және құрастырмалы емес бетонды жөндеу, құрастырылымның құрылымдық тұтастығы мен көз тартарлық сыртқы түр пішінін қалыпқа келтіре отырып, қысқа мерзім ішінде, қолайсыз температурада бетонды жедел жөндеуге арналған құрғақ қоспаларды қамтиды. Инновациялық материалдарды пайдалана отырып, жасалған MasterEmaco тізбегі материалдары материалдың негізбен үлкен көлемде жанасуына қол жеткізеді және жоғары механикалық қасиеттерге кепілдік береді.

MasterEmaco шешімі жоғары сапалы жөндеуді қамтамасыз етеді, ұзақ сақталуды және бетонның талап етілген ауырлықты көтере алу мүмкіндігін қалыпқа келтіреді.

Жедел қатты күйге енетін жөндеуші құрам арқасында құрылысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қысқа мерзім ішінде жүзеге асады, ол пайдалануға беруді жеделдетіп, шығынды азайтады.

Тозудың алғашқы себебін диагностикадан өткізе отырып, біздің мамандар бетонның ары қарайғы бүлінуінің алдын алып, оның ұзақ сақталуын қамтамасыз ететін жөндеудің ең оңтайлы стратегиясын жасап шығарады,




MasterBrace – құрылыс құрастырылымын күшейтетін композитті жүйе

 

MasterBrace – темірбетонды құрастырылымдарды күшейтуге арналған инновациялық жүйе. Жүйе кешенді болып табылады, оның құрамына құрастырылым бөлшектеріне қосымша төзімділік беретін көміртегі мен шыны талшық негізді композитті материалдары бар бетонды жөндеу және қорғауға арналған материалдар кіреді

Cистема усиления MasterBrace күшейту жүйесі мынадай мақсаттарды орындау үшін қолданылады:

  • Сейсмикалық төзімділікті ұлғайту

  • Ауыр жүктемелерге қарсы тұруды ұлғайту

  • Әртүрлі типтегі нысандардың көтеруші қабілетін күшейту, сақтау және қалпына келтіру(әсіресе майысу, сызат, коррозияның пайда болуы, құрастырылымдық сұлбасы өзгеруі кезінде құрастырылымды күшейту маңызды).

MasterBrace күшейту жүйесі кенеп, ламел, өзек, тегістеуші бояу, кенепке арналған бояу, ламелге арналған лактан тұрады.

Master Builders Solutions бренді заманауи шешімдерін қолдана отырып, біз темірбетон және бетонды құрылыстарды тез әрі сенімді күшейте аламыз. Жоғары қажулық беріктік және өзіндік төменгі салмақ MasterBrace жүйесін кез келген күрделі жұмыстарды орындаудың тиімді шешімі етеді. MasterBrace құрастырылымдарды күшейту жүйесіөнімнің үздік мінездемесі мен білікті мамандардың техникалық қолдауының қосындысы. 

Біздің мамандарымыз барлық қажетті жұмыстарды уақтылы және сапалы орындап, біз көрсететін қызметтерге кепілдік береміз.

Осы қызметке тапсырыс беру

Сіздің сұрауыңыз сәтті жіберілді әкімшілігінің дүкенінің!

Аты болуы тиіс 3-тен 32 символдан!
, E-Mail көрсетілуі дұрыс емес!
Хабарлама болуы тиіс 10-нан 3000 символдан!