0
Құйма едендер жүйесі background icon

Құйма едендер жүйесі

IZOCON KZ компаниясы Гидрооқшаулау жабыны, еден жабындылары жүйесі, инженерлік гидрооқшаулау жүйесі, BASF жөндеу және қорғаныс жабындылары бойынша Астана қаласындағы авторландырылған дилер болып табылады.

Біздің аппликаторлар еден жабындылары жүйелерін(цемент, эпоксид жән полиуретанды негізде) жапсырып жағу бойынша кәсіби жұмыс атқарады.


Еден жабындылары жүйелері құрылғылары бойынша қызметтер көрстеміз:

  • Паркингтер;

  • Өндірістік жайлар;

  • Цехтар;

  • Зауыттар;

  • Ауруханалар;

  • Оқу мекемелері;

  • Әкімшілік және өзге де ғимараттар


Еден жабындыларына деген талаптардың алуан түрлілігіне орай, біз, техникалық және эстетикалық өлшемшартты есептеп, теңдестірілген бағаны, уақыт шектеуі мен орнату жылдамдығын есепке ала отырып, өндірістік және сәндік едендерді орнату кезінде клиенттеріміздің дұрыс шешім жасауын қалыпқа келтіріп, қажетті сападағы материалдарды пайдаланамыз.

Бетон едендерді нығайтуға арналған Master Top цементтер жүйесі

Құм, арнайы цемент, толтырғыш пен түрлі-түсті дақтардан тұратын тиімді ұзақ сақталатын берік бетон едендер. Олар аса жоғары механикалық беріктікке ие және сол үшін де өндірістік кешендер мен қоймаларға дөп келеді, сондай-ақ жаңа ғимараттар құрылысы мен қойма жайлар жобалары үшін тиімді шешім болып табылады.

  • MasterTop аса тиімді эпоксидті төсемдері

Негізінен өндірістік өнеркәсіптерде қолданылады. Оларды көркем сыртқы түрі, жеңіл тазалануы, механикалық беріктігі және химикаттар, майлар, тұздар және сұйытылған қышқылдар сияқты коррозиялық сұйықтықтарға қарсы тұратын төзімділігі үшін бағалайды.


  • MasterTop полимерлі төсемдері

Жарықтар мен сызаттардың пайда болуына, УК-сәулеленуге төзімді едендерге арналған жымсыз жүйелер. MasterTop полимерлі едендері өзгеше берік, түр кескіні қызығушылық тудыратын, жүруге өте ыңғайлы, сенімді және ұзақ сақталады. Оларды негізінен қоғамдық орындарға, сауда залдарына, коммерциялық, білім және медицина мекемелеріне қолданады.


  • Агрессивтік орталарға арналған Ucrete полиуретан-цемент жүйелері

Агрессивті өндірістік ортасы бар жайларға еден орнатуға арналған. Төсем химиялық, температуралық және механикалық әсерлерге айрықша төзімділігімен ерекшеленеді, тіпті +130°C температурада тұтастығы мен беріктігін сақтайды.

BASF концернінің төсемдерін 40 жыл бойы қолдану тәжірибесі олардың гигиена мен тазалықтың ең қатал талаптарына сәйкестігін дәлелдеді. Ucrete полиуретан-цемент едендері өнеркәсіптің азық-түлік, химиялық және фармацевтикалық салаларында кеңінен қолданылады, сондай-ақ агрессивті орта жағдайларында пайдалануға болатын ұзақ сақталатын және сенімді төсемдермен қамтамасыз етеді.

Қызметтің барлық түріне кепілдік береміз, BASF неміс концерні өнімдерімен жұмыс істейміз, аталмыш концерннің ресми дилеріміз. Оңтайлы материалдарды талғау мен таңдау кезінде кәсіби кеңес береміз.

Еден төсемдері жүйелерін орнатуда мыналарға сүйенеміз:

  • Еден жүйелерін орнату саласындағы үлкен тәжірибе;

  • Қызметкерлердіміздің кәсіби шеберлігі;

  • Алдыңғы қатарлы жабдық тар;

  • Сапалы материалы   

Біздің мамандарымыз барлық қажетті жұмыстарды уақтылы және сапалы орындап, біз көрсететін қызметтерге кепілдік береміз.

Осы қызметке тапсырыс беру

Сіздің сұрауыңыз сәтті жіберілді әкімшілігінің дүкенінің!

Аты болуы тиіс 3-тен 32 символдан!
, E-Mail көрсетілуі дұрыс емес!
Хабарлама болуы тиіс 10-нан 3000 символдан!